Тазқараларды белгілеу
2024 жылдың 24 шілдесінде Қазақстанда алғаш рет Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығының қызметкерлері GPS-трекерлерімен 3 тазқараны (Aegypius monachus) таңбалады.
Жұмыс Green Global Fund (GGF) Шағын гранттар бағдарламалары қолдауымен «Орталық Азиядағы жұртшыларды сақтау» жобасы аясында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында жүргізілді. Орталық Азиядағы шағын гранттар бағдарламасы. Трекерлер біздің Vulture Conservation Foundation (VCF) серіктестерімізбен ұсынылды.
Дәл осы уақытта, Өзбекстандағы әріптестеріміз (Central Asian Vultures project) 2024 жылғы 23-24 шілде аралығында Нұрата қорығы аумағында екі тазқараны трекерлермен белгіледі.
Осы құрылғылардың арқасында біз тазқаралардың маусымдық қозғалысын бақылап, олардың фенологиясы мен қыстау орындарын зерттей аламыз.
Қазақстанда тазқара (Aegypius monachus) Қызыл кітапқа ену сатысында екенін естеріңізге саламыз.
«Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі ұжымына ынтымақтастық пен осындай маңызды міндетті жүзеге асыруға көмектескені үшін алғыс айтамыз!