Өзбекстан мен Қазақстанда дуадақты (Otis tarda) трансшекаралық сақтау

Жоба туралы

Дуадақ (Otis tarda)
Дуадақ (Otis tarda)

Мәселе

Дуадақ (Otis tarda) Орталық Азияда жойылып кету қаупі төніп тұрған, саны 1000-нан аз қалуы мүмкін дуадақтар тұқымдасының сирек түрі. Бұл жоба осы түрге назар аударуға, сондай-ақ Орталық Азиядағы жалғыз тіршілікке қабілетті көшіп-қону дәлізінің орталығында осы түрді сақтау үшін трансшекаралық ынтымақтастыққа бағытталған. Жоба Өзбекстанның құстарды қорғау Қоғамымен бірлесіп Қазақстан мен Өзбекстан аумағында жүзеге асырылмақ .

Түрге қауіп

Бұл түр көптеген қауіптерге ұшырайды. Көбею кезеңінде бұл - ең алдымен, жұмыртқа мен балапандарды ауылшаруашылық техникасы мен еркін жүрген иттердің жоюы. Көшіп-қону және қыстау кезінде бұл браконьерлік, әсіресе ресурстары шектеулі жерлерде. Сонымен қатар, дуадақтар электрлі әуе желілері мен жел электр станциялары қондырғыларымен соқтығысуға бейім. Осының барлығы ересек құстардың қаза болуын арттырады және көбеюін азайтады, бұл жалпы аймақта дуадақтардың толық жойылу қаупін төндіреді.

BRCC орнитолог-зерттеушісі Г. Пуликова және Өзбекстан құстарды қорғау қоғамының экологиялық бағдарламаларының координаторы О. Қашқаров Ташкентте (Өзбекстан) жобаны талқылауға арналған кездесуде.
BRCC орнитолог-зерттеушісі Г. Пуликова және Өзбекстан құстарды қорғау қоғамының экологиялық бағдарламаларының координаторы О. Қашқаров Ташкентте (Өзбекстан) жобаны талқылауға арналған кездесуде.
BRCC орнитолог-зерттеушісі Пуликова Г.
BRCC орнитолог-зерттеушісі Пуликова Г.

Жобаның негізгі міндеттері

  • жергілікті тұрғындардың осы түрдің маңыздылығы туралы ұлттық деңгейде хабардарлығын арттыру, өйткені дуадақ және оның қазіргі ауыр жағдайы қалың жұртшылық пен орталық атқарушы органдардың өкілдеріне аз белгілі;

  • ауылшаруашылық жерлерін пайдалану тәжірибесін бейімдеу және иттерді бақылау арқылы көбею кезеңінде жұмыртқалар мен балапандардың жойылу қаупін жою;

  • аңшыларды оқыту арқылы браконьерліктен болатын өлім-жітім деңгейін төмендету, әлеуметтік бақылауды күшейту және осы саладағы құқық қорғау қызметін жетілдіру;

  • әуе желілерімен соқтығыстар нәтижесінде өлім-жітімнің жоғарылау қаупін жою;;
  • дуадақтарды Ұзақ мерзімді қорғау және бақылау іс-шараларының басым бағыттарын анықтау.