Маңғыстауда бір жылдан бері мекендеген Парсы алабарысына «барысқа есім қою» және «Қазақстандағы барыс» тақырыбында үздік балалар суретіне республикалық байқау жарияланды
2024 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері National Geographic және Segré Foundation гранттарының қолдауымен және Conservation X Labs, BRCC және AСБK қатысуымен Парсы алабарысын зерттеу және қорғау жөніндегі халықаралық жоба аясында қорық аумағында орнатылған фототұзақтардың мәліметтерін тексерді. Керемет жаңалық: Алабарыс қорық аумағына қайта оралды және 2024 жылдың 29 қазанынан 21 желтоқсанына дейін 4 рет фототұзаққа түскен!
Үстірт қорығында орнатылған фототұзақтардың біріне түсірілген бейнежазба
Бұған дейін алабарыс Үстірт қорығы аумағында 2024-ші жылдың қаңтар – тамыз айлары аралығында, ал қыркүйек және қазан айларында - Бейнеу ауданындағы "Қызылсай" өңірлік табиғи паркінде (қорық аумағында кездескен орнынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 210 шақырым) кездескен. Жинақталған барлық фото-бейнематериалдар бойынша мамандар барлық фото-жазбаларда бір Барыстың аталығы екенін сенімді түрде растап отыр. Бұл барыс та, осыған дейін 2018-2021 жылдары Маңғыстау облысында мекендеген Тау-Шери есімін алған барыс сияқты, Копетдаг таулары мен үлкен Балқан жотасында сирек кездесетін жыртқыштардың тұрақты популяциясы мекендейтін көршілес Түркменстаннан келген.
Еске түсірейік, 2021ж., алабарыс ҚР Қызыл кітабына енгізілген, ал Маңғыстау - бұл ерекше жыртқыштың соңғы он жылдықта жүйелі түрде тіркелген Қазақстанның жалғыз аумағы болып табылады. "Жаңа" барыстың Маңғыстау аумағын толық бір жыл мекендеуіне байланысты, Үстірт қорығының қызметкерлері жақын арада 2019 жылы өткен барысқа арналған байқау сияқты облыстық балалар суреті байқауын жариялауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, әрбір сурет иесі барысқа жеке есім нұсқасын ұсына алады.
Қазақстандағы "барыс" жобасының негізгі орындаушысы болып табылатын, «Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» қоғамдық қоры (BRCC) Үстірт қорығының бастамасын қолдап, Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (AСБК) қатысуымен, қазіргі таңда Маңғыстауда мекендеп жүрген Парсы алабарысына "Қазақстандағы барыс" тақырыбы бойынша балалар арасында «ең үздік сурет» және «барысқа есім қою» республикалық байқауын жариялады.
Балалардың суреттері және есім нұсқалары, сонымен қатар байқауға қатысты сұрақтары 30.04.2025 ж. дейін "Қазақстандағы барыс" тақырыбын белгілеп, электронды форматта келесі электронды мекен жайға қабылданады: leopard@brcc.kz. Әр суретке міндетті түрде қатысушының байланыс ақпараттары - ТЖӘ (ФИО), жасы (16-ға дейін), индексі көрсетілген почта мекен жайы және байланыс телефоны. Қазылар алқасының құрамына Маңғыстаудағы барысты зерттеумен айналысып жүрген мамандар кіреді. Байқау нәтижелері және үздік суреттер https://www.brcc.kz/news/ BRCC сайтында, 31.05.2025 ж. дейін жарияланады. Байқау жеңімпаздары "Барыс" жобасынан естелікке грамоталар, Парсы алабарысының фотолары бар қалта күнтізбелері және https://www.brcc.kz/2024/06/16/booklet-cats-of-deserts-kazakhstan/ сайтынан қазіргі таңда жүктеуге дайын "Қазақстан шөлдерінің мысықтары" атты түрлі-түсті буклет алады.
Парсы алабарысы және Қазақстандағы бұл жыртқышты зерттеу және қорғау бойынша жоба туралы толық ақпаратты https://www.brcc.kz/projects-and-plans/study-and-protection-of-large-cats/ BRCC сайтынан және «Selevinia» https://selevinia.kz/ Қазақстандық ғылыми зоологиялық журналының 31(2023) және 32(2024) нөмірлерінен алуыңызға болады.
Здравствуйте. Скажите а детки со скольки лет могут участвовать? И каждый получит подарок или кто хорошо нарисует?
Добрый день. Нижней планки возраста нет, верхняя планка — до 16 лет включительно. При подведении итогов конкурса рисунки будут оцениваться в нескольких возрастных категориях.
Призы предусмотрены только для победителей. Возможно жюри примет решение дополнительно отметить призом какие-то отдельные работы, это будет ясно после того как оно рассмотрит все рисунки, поступившие на конкурс.