Row circle Shape Decorative svg added to top
Row wavy Shape Decorative svg added to bottom

Қаратау тауларында ителгі мен жұртшыны сақтау

Күйі: Аяқталды

Жоба туралы

Жұртшы (Neophron percnopterus). Авторы Пуликова Г.
Жұртшы (Neophron percnopterus). Авторы Пуликова Г.

Мәселе

Ителгі (Falco cherrug) және жұртшы (Neophron percnopterus) – жойылып кету қаупі төнген жыртқыш құстардың түрлері (Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл парағындағы "жойылып кету қаупі төнген" мәртебесі). Екі түрдің де ұя салуы Қаратау тауларында белгілі, бірақ ұя салатын топтардың саны мен мәртебесі туралы өзекті деректер жоқ.

Түрге қауіп

6-10 кВ электр әуе желілері (ӘЖ) олардың санының төмендеу себептерінің бірі болып табылады. Жел электр станциясының (ЖЭС) құстардың осы түрлерінің популяциясына әсер ету дәрежесі толық зерттелмеген мәселе болып қала береді. ЖЭС-тің Қазақстан аумағындағы биоалуантүрлілікке әлеуетті әсері туралы ауқымды және сапалы зерттеулердің болмауы энергетикалық инфрақұрылым объектілерін салу жоспарлары олардың биоалуантүрлілікке нақты әсерін есепке алмай әзірленетін жағдайға алып келеді.

Ителгі (Falco cherrug). Авторы: Карякин И.
Ителгі (Falco cherrug). Авторы: Карякин И.
2.3 Сохранение балобана и стервятника в горах Каратау
GPS-GSM трекері бар жұртшы балапанының (Neophron percnopterus) белгісі. Авторы: Оңғарбаев Н.

Шешім

_ Таяу Шығыс орнитологиялық қоғамының (OSME) қолдауының арқасында “Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы” қоғамдық қоры (BRCC) 2022 жылдың наурыз айынан бастап "Қаратау тауларында ителгі мен жұртшыны сақтау" жобасын іске асыруды бастады, оның мақсаты Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау тауларында құстардың осы түрлеріне төнетін қауіптердің әсерін азайту болып табылады. Бұл жоба зерттеу және ағартушылық болып табылады.

Жоба барысында ұя салатын топтар бойынша деректерді өзектендіру, құстардың осы түрлері үшін ықтимал қауіптерді бағалау, экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі, энергетика және электр энергетикалық компаниялар үшін ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда. Жобаны іске асыру туралы ақпарат барлық мүдделі тараптардың назарына жеткізілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

Жүртшы - 2025 жылғы құс. Біздің команданың осы түрді сақтау бойынша үш жылдық жұмысы

22.01.2025

Жүртшы Қазақстанда 2025 жылдың құсы болып таңдалды!

20.01.2025

Орталық Азияның қоқыс жинаушылары туралы буклеттер

15.09.2024

Туған жерлерге оралу

21.05.2024

Қазақстандық лашындар қайда қыстайды?

14.03.2024

Қазақстанда алғаш рет GPS-трекерімен белгілеген жұртшының қазіргі қалы не болып жатыр?

23.10.2023