Неге біз дала қыранын жоғалтып жатырмыз?

Қазақстанның кең байтақ даласын дала қыранысыз (Aquila nipalensis) елестету мүмкін емес. 2018 жылғы соңғы санын бағалауға сәйкес, елде 26 260 жұп құс ұялаған, бұл түрдің дүние жүзіндегі популяциясының шамамен 75% құрайды (Карякин, 2018).

2018 жылғы соңғы санын бағалауға сәйкес, дүние жүзіндегі популяциясының шамамен 75% құрайды Қазақстанда ұялаған.

Кем дегенде 1990 жылдардан бері қазақстандық популяцияның саны тұрақты түрде азайып келеді. Осы алаңдатарлық фактіге қарамастан, біздің республиканың Қызыл кітабына енгізілген түрдің мәртебесі ең төмен: V категория немесе «қалпына келтірілген, тұрақты бақылауды қажет ететін түрлер».

Несмотря на этот тревожный факт, статус вида в Красной Книге нашей республики – самый низкий

Ареал степного орла. Условные обозначения: 1 – границы стран, 2 – популяции, 3 – гнездовой ареал, 4 – область кочёвок, 5 – зимовки, 6 – моря и океаны. Дереккөз: Карякин, 2018.

Қазақстанда ұя салатын дала қырандары үш ұя салатын топтасулары: батыс, орталық және шығыс арасында біркелкі таралмаған.

Батыстық топтасу - ең үлкені

Үш қазақстандық топтасудың ең үлкені – батыстық, батыс облыстары аумағында мекендейді. Қазір онда шамамен 17 200 жұп бар. 2006 жылдан бастап, ең алғашқы жылдан бізде бар салыстырмалы деректер бойынша ол 17% дерлік төмендеді.

2006 жылдан бастап, ең үлкені – батыстық – топтасу 17% дерлік төмендеді.

Ақтөбе облысындағы мониторинг аудандарында орналасқан ұялар саны (белсенді және басылған) екі есе азайған: 2010 жылғы 81%-тен 2017 жылы 41,5%-ке дейін.

Самка и птенцы степного орла в гнезде (с) Г. Пуликова

Басқа зерттеушілер облыстағы теріс трендті растайды және белсенді ұялардың: 2018 жылғы 36%-тен 2023 жылы 21%-ке дейін төмендеуін атап өтуде. Ең көп жұмыртқа басу мөлшері 2019 жылы (бір сәтті ұяға 2,1±0,23 балапан), ең азы 2021 жылы (бір сәтті ұяға 1,7±0,16 балапан) байқалды (Брагин и др., 2023).

Старое гнездо на дереве, западный Казахстан (с) Г. Пуликова

Соңғы 10 жылда Ақтөбе-Орал тас жолы бойындағы ағаштар мен электр беру әуе желілерінде ұя салатын дала қырандарының саны күрт азайған.

Орталық топтасу, екпінді қысқару

Орталық топ негізінен Қарағанды және Ұлытау облыстары аумақтарында мекен етеді.

Птенец степного орла (с) И. Карякин

2007-2017 жылдар аралығында түрл саны 27%-ке қысқарған. 2017 жылы өңірде орта есеппен 5275 ұя салатын жұп болған (Карякин и др., 2019). (Карякин и др., 2019).

За одно десятилетие, с 2007 по 2017 годы численность степного орла в центральном Казахстане снизилась на 27%.

2018 ж. мониторинг 222–274 жұптың жоғалуымен сандарының жылдам төмендеуін растады; бір жыл ішінде 548 бас құстан 222-ге бас құсқа дейін популяциясынан алып койылған. 2018 жылғы зерттеу орталық топтасудағы дала қыранының өнімділігі 1,70 ± 0,67 немесе бір ұяда бірден бастап 2,3 дейін жұмыртқа/балапан құрайтынын көрсетті (Карякин и др., 2019).

Шығыстық топтасу, баяу көбею

Шығыс тобы негізінен Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында кездеседі. 2006 жылғы санын бағалауға сәйкес, Қалба таулы аймағында 1200 ұя салатын жұп тіркелген, басылған ұяда әдетте екі балапаннан (Смелянский и др., 2006). Қалба таулары Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы ұя салуға жарамды мекендердің 5%-ін құрайды.

Гнездо степного орла на северных предгорьях Джунгарского Алатау (с) Г. Пуликова

2020 жылы Абай ауданының аумағын және (барлығы шамамен 142 620 км2 ұя салатын жер) Шығыс Қазақстан облысы бойынша дала қырандарының санын бағалау мұнда орта есеппен 1617 жұп ұя салатынын көрсетті. Балапандардың саны бір сәтті басылған ұяға -1 балапаннан келеді. 2020 жылғы зерттеулерге сәйкес популяция өнімділігі Қазақстандағы түр ареалында ең төмен болып шықты (Пуликова и др., 2021).

Продуктивность популяции степного орла по исследованиям 2020 года оказалась самой низкой в восточном Казахстане – всего один птенец на успешное гнездо.

Жалпы тенденция

2023 жылы дала қыранының қазақстандық популяциясында теріс үрдіс сақталуда. Шеткері аумақтардың, әсіресе шөлді және шөлейтті аумақтарды алып тастауға байланысты ұя салу ареалының тарылуы байқалады. Осы аумақтарды қоспағанда, біз 2023 жыл бойынша 16 750–28 070 ұя салатын жұптардың санын бағалауға келеміз. Бұл 2018 жылдан бері біз кем дегенде 3850 жұпты немесе популяцияның 15% жоғалтқанымызды білдіреді.

2018 жылдан бері біз кем дегенде 3850 жұпты немесе популяцияның 15% жоғалтқанымызды.

Түрдің тіршілік етуіне қауіп төндіретіндер

Қазақстан аумағындағы дала қыранының тіршілік етуіне өзекті қауіптердің ішінде:

  • тіршілік ету ортасының жоғалуы және нашарлауы;
  • электр беру әуе желілерінде электр тоғының соғуы;
  • қорек-жем ресурстары қамтамасыздығының қысқаруы;
  • мақсатты және абайсызда улану;
  • аңшылардың қасақана атуы және аулауы.

Жел және аз дәрежеде күн энергиясын өндіру қондырғылары өсіп келе жатқан әлеуетті қауіп төндіреді. 

Бүгінгі таңда түр санының азаюында қореқ-жем ресурстарының саны мен қолжетімділігінің азаюы жетекші рөл атқарады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында– үлкен құмтышқан мен сары саршұнақтан бастап, соқыртышқандарға дейін барлық түрлерге әсер еткен кеміргіштер санының ұзаққа созылған тоқырауы байқалады.

Солтүстікке қарай, мысалы, Қалба таулы аймақтарында дала қыранының қоректенуі қызылұрт және ұзынқұйрық саршұнақтардан, алтай бұраубастарынан, далалық және алтай шақылдақтардан тұрады. Мұнда кеміргіштердің популяциясының сондай апатты азаюы байқалмайды. Бұл дала қыранының жеткілікті тұрақты жергілікті ұя салатын тобының сақталуына ықпал етеді. 

Қазақстан – танымал көші-қон асуы

Ұя салудан басқа, жазғы көші-қон кезінде Қазақстан аумағы бойынша көптеген жыныстық жетілмеген құстар да жылжиды (Карякин и др., 2019).

Основные перелётные пути степного орла. Источник: Карякин и др., 2019

Сондай-ақ, Ресей, Батыс Моңғолия және солтүстік-батыс Қытайдың дала қырандары Қазақстан арқылы қыстауға ұшады. Мысалы, Қаратаудағы бір ғана қоныс аударатын аймақта 15 500-ден астам бас құстар кездеседі (Карякин и др., 2021). Жалпы, бұл түрдің бүкіл әлем популяциясының 90%-ы Қазақстан арқылы ұша алады.

Бұл түрдің бүкіл әлем популяциясының 90%-ы Қазақстан арқылы ұша алады.

Зерттеулер мен қорғауды күшейтуді үйлестіру

2023 жылдың 28 қыркүйегінде Дала қыранын қорғау жөніндегі ІІІ халықаралық жиын өтті. Қатысушылар осы сирек кездесетін түр туралы ғылыми ақпаратты жаңартумен қатар, дала қыранын сақтау бойынша жаһандық және елдік іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттілігін талқылады. Қазақстан дала қыранын сақтаудағы негізгі мемлекет болып табылады, сондықтан түрді сақтау бойынша ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу басты басымдық болып табылады.

Совещание по степному орлу в рамках конференции “Орлы Палеарктики” (с) Б. Убушаев

Жиынға қатысушылар өз елдерінде ұлттық жоспарларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Дала қыранын қорғауға зерттеушілер мен табиғат қорғау мекемелері тарапынан қажетті көңіл бөлініп отырған елдердің өкілдері ғалымдар, мемлекеттік органдар, табиғат пайдаланушылар мен қоғамдық ұйымдар арасында жұмысты дұрыс ұйымдастыру және нәтижелі диалог орнату жөнінде ұсыныстар берді.

***

«Қауырсынды жыртқыштар және оларды сақтау. 2023» журналында жарияланған және «Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау»” атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндалған Г.И. Пуликованың, А.Г.Каптенкинаның, И.Е. Смелянскийдің., Л.С. Зиневичтің, Е.Г.Николенконың және И.В.Карякиннің «Қазақстанда дала қыранының қазіргі жағдайы» мақаласының бейімделген нұсқасы.

Очерк о степном орле в Красной книге Казахстана (сс. 128-129)

Қазақстандағы жыртқыш құстарға қауіп-қатерлер туралы ақпараттық жұмысқа «Орталық Азияның таулы өңіріндегі биоалуантүрліліктің ошағы» Бағдарламасы аясында қолдау көрсетілуде. Бұл бағдарламаны Орталық Азия WWF-мен үйлестіріледі және CEPF қаржыландырады.

Leave a Comment