Ауылшаруашылық жобалары экологиялық сараптамадан өтуі керек: биоалуантүрлілікке әсері министрліктермен мойындалған
14 сәуірде өткен «АМАНАТ» партиясының Экологиялық кеңесінің жуырда өткен отырысында биоалуантүрлілік және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану мәселелері тағы да белсенді талқылау тақырыбы болды. Диалогқа мемлекеттік органдардың, соның ішінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭҚТМ), Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) сондай-ақ қоғамдық ұйымдар – «Табиғат» республикалық қауымдастығы мен Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдарының қауымдастығы қатысты. Бұл пікірталас жай ғана пікір алмасу ғана емес, тым ұзақ уақыт назардан тыс қалған процестерді жылжытудың нақты әрекеті болуы мүмкін. Ал бұл мәселеде «АМАНАТ» партиясының рөлі шешуші болуы мүмкін.
Отырысқа қатысқан Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығының (BRCC) атқарушы директоры мемлекеттік органдардың назарын өзекті экологиялық мәселелерге, соның ішінде диклофенакты қолдану қаупі, траншеялық қоршаулар, ауылшаруашылық жобаларындағы экологиялық сараптаманың болмауы және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша жалпы әрекетсіздік мәселесіне аударудың маңыздылығын атап өтті.
Диклофенак және кетопрофен
Ветеринарияда стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды (ҚҚСП) қолданумен байланысты қауіптер көптеген жылдар бойы биологтарды қатты алаңдатып келеді. Құрамында диклофенак пен кетопрофен бар ветеринариялық препараттар малдың қалдықтарын тұтынатын, тіндерінде қалатын осы препараттың аздаған дозасы да жемтіктермен қоректенуші құстарға улы әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Оңтүстік Азияда 1990 жылдары тазқаралардың жаппай қырылуы малды диклофенакпен емдеумен тікелей байланысты болды. Үндістанда, Пәкістанда және Непалда популяцияның жоғалуы 97-99,9% құрады, бұл жағдай ветеринариялық тәжірибеде бұл препаратқа тыйым салуға негіз болды. 1990-2000 жылдар аралығында 40 миллионнан астам жемтіктермен қоректенуші құстар диклофенакпен уланып өлгені дәлелденді.
Қазақстанда мұндай тыйым жоқ. АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарының ветеринария басқармалары құрамында кетопрофен бар препараттардың қолданылғанын растады. Сонымен қатар, дәл осы өңірлерде, Қаратау тауларында ақбас құмайдың ең үлкен колониясы орналасқан, онда 2010 жылмен салыстырғанда белсенді ұялар саны он еседен астам азайған.
Елде етте ҚҚСП қалдықтарының болуын анықтауға қабілетті зертханалардың болмауы жағдайды қиындатады. Бұл мониторинг пен әрекет ету мүмкіндіктерін шектеп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанды қызметтер мен жабдықтардың шетелдік жеткізушілеріне тәуелді етеді. Бұл ретте, мысалы мелоксикам сияқты қауіпсіз балама бар, ол жемтіктермен қоректенетін құстар үшін улы емес және халықаралық келісімдермен ұсынылған.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты тиісті бөлімдердің (ведомстволардың) назарын талап ететін бірқатар сұрақтар туындайды. Атап айтқанда, ҚР АШМ қауіпті ҚҚСП-ды мелоксикамға ауыстыру мәселесі бойынша ұстанымды, сондай-ақ соңғы 10 жылдағы оларды қолдану көлемдері туралы мәліметтерді алу маңызды.
Траншеялар
Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігіне әсер ететін мәселелер әртүрлі сипатта. Соның бірі фермерлердің ауылшаруашылық жерлерін қоршау үшін терең траншеяларды пайдалануынан жануарлардың жаппай қырылуының жалғасуы.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын мал жаюынан қорғау үшін терең траншеяларды пайдалану мәселесі 2019 жылы Түркістан облысында жануарлардың, соның ішінде Орталық Азия тасбақасы сияқты сирек кездесетін түрлердің жаппай қырылу фактілері тіркелген кезде BRCC мамандарының назарын аударды. Тереңдігі 220 см-ге дейін жететін және жүздеген шақырымға созылатын траншеялар жабайы жануарларға өлім қаупін туғызады, өйткені олар қозғалысты қиындатып қана қоймай, оларға құлап түсетін жануарлардың өліміне де себеп болуы мүмкін.
Кейбір траншеяларды жою жұмыстары 2021 жылдан бері жүргізілгенімен, 2024 жылы жүргізілген зерттеулер жағдайдың өзекті болып қала беретінін көрсетті. 2024 жылғы экспедиция барысында көптеген жаңа траншеялар ашылды. Траншеялардан барлығы 276 бауырымен жорғалаушы табылды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Орталық Азия тасбақасы (лат. Testudo horsfieldii) сияқты түрлер, құрбан болғандардың шамамен 60%-ы осы тасбақалардың ересек аналықтары болды.

Траншнеядарда қалып, адамның араласуынсыз қырылған Орта Азия тасбақалары. Түркістан облысы, мамыр 2024 жыл. Суретті түсірген: Ю. Цаугг
Траншеяларды заңсыз пайдалану Қазақстанның бірқатар экологиялық және жер заңнамасын бұзып, биологиялық алуантүрлілікке қауіп төндіреді. Жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері мен траншеяларды жою бастамаларына қарамастан, проблемалық аймақтардың айтарлықтай бөлігі сақталуда, мәселе жүйелі деңгейде бақыланбайды.
Осыған орай, BRCC уәкілетті мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы жерлерін қоршау үшін траншеяларды пайдалануға нақты тыйым салу мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге тиісті жауапкершілік шараларын, оның ішінде жалға беру шарттарын бұзу мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, өңірлік жер инспекцияларына бұл проблеманы жалпы ел бойынша түгендеуді, өңірлер бойынша бөлінген барлық осындай траншеялардың ұзындығы туралы мәліметтерді алуды, содан кейін оларды жою шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды тапсыру маңызды. Тиісті министрліктер бұл ұсыныстарды назарға алып, қажетті шараларды қолға алады деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығының ықтимал әсерін бағалау
Тағы бір экологиялық маңызды, бірақ жүйелі түрде жеткіліксіз танылған мәселе ірі ауылшаруашылық жобалары үшін қоршаған ортаға әсерді тиісті бағалаудың жоқтығы болып қала береді. Траншеялар сияқты, бұл ауыл шаруашылығы секторының биоалуантүрлілікке әсеріне жеткіліксіз көңіл бөлудің жалпы тенденциясын көрсетеді.
Тәжірибе мен далалық зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, ауылшаруашылық жұмыстары биоалуантүрлілікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің дуадақ, безгелдек, сарыжылан мекендейтін жерлерін жою арқылы. Түркістан облысында, мысалы, 2019 жылдан 2024 жылға дейін мамандар тиісті экологиялық сараптамасыз ауылшаруашылық жұмыстарының бір бөлігі ретінде қараусыз қалған алқаптардың қомақты жерлері жыртылатын жағдайға тап болды, бұл жерде жұмыс жүргізілген кезде табиғи экожүйелер өзіне тән биалуантүрлілігімен қалпына келтірілді. Бұл экожүйелер қайта жырту арқылы толығымен жойылған. 2024 жылы Астана-Қорғалжын тас жолының бойында сирек және жойылып бара жатқан түрлер тізіміне енгізілген Шренк қызғалдағы (Tulipa suaveolens, синоним T. schrenkii) өскен жыртылған егістік алқаптары тіркелді. Миллиондаған теңгенің қызғалдақтарын заңсыз жинаған азаматтарға мемлекет тарапынан айыппұл салынып жатқанын ескерсек, құрып кету қаупі төнген қызғалдақтарды, өсімдіктер мен жануарлардың басқа да түрлерін ондаған емес, жүздеген, мыңдаған қырып салатын ұйымдармен мемлекет қалай әрекет ету керек деген сұрақ туындайды.

Ақмола облысындағы жыртылған алқап. Жыртылмаған бөлігінде Шренк қызғалдақтары сақталған - олардың қаншасы жойылғаны белгісіз. Суретті түсірген: Н. Оңғарбаев

Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі. Оң жақта дәнді дақылдар егілген алқап, сол жақта жер жырту кезінде бұзылған табиғи экожүйенің бөлігі. Суретті түсірген: М. Пестов
Пестицидтерді бақылаусыз қолдану биоалуантүрлілікке қосымша қауіп туғызады. Соңғы жылдары Түркістан облысында бал араларының жаппай қырылуы, Астана қаласының шегінде улы препараттарды қолдану, сонымен қатар Қаратау тауларындағы жайылымдарда жыртқыштардың улану оқиғалары тіркелді. Пестицидтерді бақылаусыз қолдану бірнеше жағдайда аңшылық жерлерде жануарлардың қырылуына әкеліп соқтырды. Бұл ретте, елімізде уәкілетті органдар тарапынан аталған тәуекелдерге жүйелі мониторинг жүргізілмейді.
Табиғи-жағымды жағы
Табиғи позитивтік ізі бар тұрақты өндіріс енді экологиялық ұйымдардың қыңырлығы емес. Жаһандық деңгейде басқарудың тұрақты нысандары халықаралық инвесторлардың талабына айналуда. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, бұл бағытта батыл қадамдар жасамаса, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, саланың және мемлекеттің келешекте қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жобаларды қаржыландыруға және өнімді экспорттауға шектеу қою қаупі бар.
«Аманат» партиясының Экологиялық кеңесі көтерілген мәселелерді қолдап, өзекті экологиялық мәселелерді сындарлы талқылауға алаңмен қамтамасыз етті. Кеңес төрағасы Бауыржан Смағұлов пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов көтерілген мәселелердің өзектілігі туралы ортақ пікірге келді. Бұл экономикалық мүдделер мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, Қазақстанның тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам. Өкінішке қарай, негізгі сұрақ: тиісті министрліктер нақты шаралар қабылдап, мәлімдемеден әрекетке көшуге дайын ба?